Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.
– Өңірдің дамуы өндіріс орындарының ашылуымен тікелей байланысты. Нақты тапсырмалар берілген. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыра алмаған басшыларға тиісті шара көріледі. Болмайды былай, әрекет етіңіздер. Инвесторлар тартыңыздар. Инфрақұрылымын жетілдіріңіздер. Нақты жоспар, ұсыныстар, жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте Түркістан облысындағы 10 индустриалды аймақ пен «Turan» арнайы экономикалық аймағының қазіргі жай-күйіне талдау жасалды. Облыста өндірісті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында индустриалды аймақтар құру жоспарланып, аудан қалалар тарапынан техника-экономикалық негіздемелер және соның негізінде жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, нәтижесінде, облыс бойынша индустриалды аймақтар құрылған.
Нәижесінде инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес климат қалыптасуда. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақ бар. Бұл аймақтарда инвестиция құны 190 млрд. теңге болатын 95 кәсіпорын өз жобаларын жүзеге асыруда.
Бүгінде Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Кентау, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы индустриалды аймақтарында инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Екіншіден, шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды.
Облыста индустриалды және өндірістік аймақтарды кеңейту, газбен, сумен, электрмен, инфрақұрылыммен қамту және жаңа инвесторлар тарту жұмыстары жалғасады.
Түркістан облысында праймериз жоғары деңгейде өтті. Жалпы 1076 үміткер бақ сынады. Оларға 78262 партия мүшесінің 72973-і (93,2%) дауыс берді. Жалпы бұл саяси дода елге жаңа есімдерді таныстырды. Аудан, қалаларда қарапайым еңбек адамдары, жастар да […]
Қазығұрт аудандық ауруханасы 300-ге жуық науқасқа шақталған. Оның ішінде 100-і провизорлық орын. Ауруханада 7 өкпені жасанды желдеткіш аппараты мен 7 оттегі концентраты бар. Сондай-ақ, жедел пульсометр, термометрлермен қамтылған. Ауруханада қазіргі таңда індетке қажетті барлық […]
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. мұндағы басты мақсат — қошаған ортаны қүл-қосыстан аман сақтап, жасыл желекпен абаттандыру. Ауқымды жобаны жүзеге асыруда Түркістан облысының трғындары мен жұмысшылары білек сыбана кірісіп кетті. […]
Пікір қалдыру