Түркістан: Қазығұрт ауданында 100 орындық провизорлық орын бар

 

Қазығұрт аудандық ауруханасы 300-ге жуық науқасқа шақталған. Оның ішінде 100-і провизорлық орын. Ауруханада 7 өкпені жасанды желдеткіш аппараты мен 7 оттегі концентраты бар. Сондай-ақ, жедел пульсометр, термометрлермен қамтылған. Ауруханада қазіргі таңда індетке қажетті барлық дәрі қоры жеткілікті. Пандемия басталғалы онда 520 науқас түсіп, 430-ы жазылып шықса, қазір 84 адам ем алуда. Сондай-ақ, ауданда науқастарды үйлеріне барып емдеу үшін 21 мобильті топ құрылған.
Айта кетерлігі, қазығұрттық кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентратын тарту еткен. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірлігі мен Қытай елінен гуманитарлық көмек ретінде келген медициналық қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектер аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Бұл препараттар емделушілерге дәрігердің нұсқауымен тегін тағайындалады. Барлығы арнайы мониторингтің топтың жіті қадағалауында.
Бұдан бөлек, аудандағы «Ашыбұлақ» жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат құрылысы жүріп, ескі ғимаратқа жаңғырту жұмыстары басталған. Мердігер: MD Construction Ltd» ЖШС-і. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған мектеп биыл жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі. Онда қазіргі таңда 36 адам жұмыспен қамтылған. Аудан көлемінде жалпы 4 мектептің құрлысы биылғы оқу жылына тапсыратын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*