Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үй кешендері мен коммерциялық нысандардың қасбеті, аулаларды абаттандыру, көше бойына салынатын саябақ дизайны қаралды. «Қолөнершілер орталығы» мен «Күлтебе қалашығы» жобасы пысықталып, ұсыныстар айтылды. Өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті.
– Түркістан қаласының өзіндік келбеті қалыптасқан. Нысандардың сәулеттік жобалары талапқа сай болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеңіздер. Құрылыстың тарихи нысандарға зияны келмеуі басты назарға алынсын. Әрбір нысанға жауапты әкім мен басқарма басшылары жобаның басы-қасында жүріп, тиісті жұмысты атқарсын, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында әлеуметтік нысандар мен туристік ғимараттардың жобасы қаралды. Әрбір жобаны жіті қарап, ұсыныстарды тыңдаған Дархан Амангелдіұлы кемшіліктер бойынша ескертпелер айтты. Жауапты тұлғаларға жобаны жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Осыған дейін киелі өңірде ел игіліне үшін түрлі нысандар қатары бой көтеретінін айтқан болатынбыз. Соның бірі қолөнершілер орталығы болмақ. Аталған орталықтың ішінде арнайы көрме залы, шоурум бөлмелері салынады. Нысан алдағы уақытта саялы бақ, базар, ресторан, қонақ үй, автотұрағы бар алып орталыққа айналады деп күтілуде. Айта кетейік орталық 20 қолөнершіге шақталған.
Биыл Түркістан – түркі мемлекеттерінің туризм астанасы мәртебесін иеленді. Жыл ішінде облыс орталығында түркі мемлекеттерінің қатысуымен өтетін ауқымды жобалар жоспарланып отыр.
Түркістан облысы Төлеби ауданында «Hydrolife» деген атаумен минералды су шығарыла бастады. Алатау ауылдық округінде орналасқан «Геоминерал» ЖШС асханалық суды таудың мөлдір, таза, минералға бай жерасты суынан өндіріп отыр. Жуырда ғана іске қосылған өндіріс орнында […]
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» атты маңызды форум өтті. Шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, полиция және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік өкілдері, сондай-ақ […]
Әзімбек Пазылбекұлы қаланың инфрақұрылымдық дамуы мен абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап, бірқатар нысандарды аралады. Аралау барысында қала басшысы алдымен Арнайы экономикалық аймақ аумағында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта […]
Пікір қалдыру