Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үй кешендері мен коммерциялық нысандардың қасбеті, аулаларды абаттандыру, көше бойына салынатын саябақ дизайны қаралды. «Қолөнершілер орталығы» мен «Күлтебе қалашығы» жобасы пысықталып, ұсыныстар айтылды. Өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті.
– Түркістан қаласының өзіндік келбеті қалыптасқан. Нысандардың сәулеттік жобалары талапқа сай болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеңіздер. Құрылыстың тарихи нысандарға зияны келмеуі басты назарға алынсын. Әрбір нысанға жауапты әкім мен басқарма басшылары жобаның басы-қасында жүріп, тиісті жұмысты атқарсын, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында әлеуметтік нысандар мен туристік ғимараттардың жобасы қаралды. Әрбір жобаны жіті қарап, ұсыныстарды тыңдаған Дархан Амангелдіұлы кемшіліктер бойынша ескертпелер айтты. Жауапты тұлғаларға жобаны жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Осыған дейін киелі өңірде ел игіліне үшін түрлі нысандар қатары бой көтеретінін айтқан болатынбыз. Соның бірі қолөнершілер орталығы болмақ. Аталған орталықтың ішінде арнайы көрме залы, шоурум бөлмелері салынады. Нысан алдағы уақытта саялы бақ, базар, ресторан, қонақ үй, автотұрағы бар алып орталыққа айналады деп күтілуде. Айта кетейік орталық 20 қолөнершіге шақталған.
Биыл Түркістан – түркі мемлекеттерінің туризм астанасы мәртебесін иеленді. Жыл ішінде облыс орталығында түркі мемлекеттерінің қатысуымен өтетін ауқымды жобалар жоспарланып отыр.
Халық қалаулылары елдің мұңы мен тұрғындардың өтінішін тыңдап, билікке жеткізетін айшықты көпір. Елдің дамуымен қатар, қаржыны дұрыс бағытқа игерілу, жұмыссыздық пен қоғамдағы мәселелерді де қозғайтын халық өзі сайлаған депутаттар. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын […]
Түркістан облысындағы бюджеттік мекемелердің, жылу беретін кәсіпорындардың және тұрғындардың тұрмыстық-шаруашылық жағдайлардағы көмір отынына жалпы қажеттілігі 1 003,3 мың тоннаны құраса, бүгінде соның 600,2 мың тоннасы немесе 60 пайызы тасымалданған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде […]
Түркістан облысы Сайрам ауданынан Байпановтар отбасы «OTAUFEST» фестивалінде жеңімпаз атанды. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің қолдауымен Түркістан қаласында «ОTAUFEST» жас отбасылар фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты — жастар арасында отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайтуға […]
Пікір қалдыру