Халық қалаулылары елдің мұңы мен тұрғындардың өтінішін тыңдап, билікке жеткізетін айшықты көпір. Елдің дамуымен қатар, қаржыны дұрыс бағытқа игерілу, жұмыссыздық пен қоғамдағы мәселелерді де қозғайтын халық өзі сайлаған депутаттар. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан облысының аудан, қалаларын аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалаған болатын.
Облыс әкімі аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Өндіріс орындарын ашу, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, ауыз сумен және газбен қамту, мектептер мен әлеуметтік нысандар салудағы жұмыстарды баяндап, Түркістанның инвестициялық әлеуетін көтеру шараларына тоқталды. Жергілікті бюджет пен кіріс көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ағын су саласындағы түйткілдер де сөз болды.
Депутаттар қалалар мен елді мекендерді аралау барысындағы халық тарапынан айтылған мәселелер туралы ой қозғады. Өңірде сайлауалды бағдарлама жүйелі жүзеге асып жатқанын, тұрғындардың көзқарасы дұрыс екенін жеткізді. Сонымен бірге Түркістан қаласының ерекше мәртебесін айшықтайтын Заң жобасына депутаттар мен қоғам тарапынан қызығушылық жоғары екенін айта келе бұл маңызды Заң жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.
Жыл санап емес, тіпті ай санап Түркістан түрленіп, туризмге қатысты ірі жобалар іске қосылып жатыр. Киелі қалаға келген туристердің саны да айтарлықтай көбейген. Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай өлке. Облыс аумағында 1663 тарихи және мәдениет ескерткіштері орналасқан. Өңірде туризм саласы үш бағытта қарқынды дамуда. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытындағы тарихи-танымдық туризм, Сарыағаш курорты аумағында емдік-сауықтыру туризмі және Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм. Табиғатымен қоса ерекше демалу аймағы бар облыстың даму деңгейін одан әрі көтеруге бағытталған кездесу оң өзгерістер алып келетіні анық.
Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде алғаш рет Түркістан облысындағы бірнеше теміржол вокзалына кешенді жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ. Атап айтқанда, «Түркістан», «Манкент», «Түлкібас», «Сарыағаш», «Темір» және «Арыс-2» теміржол вокзалдары қайта жаңартылып, заманауи талаптарға сай жабдықталады. Бұл бастама […]
Халық тұтынатын азық-түліктің сапалы болғаны өте маңызды. Әсіресе жаз мезігілінде адамдардың жеміс-жидекке, тамаққа улануы жиі кездеседі. Осының салдарынан олар ауруханаға түсіп, әбігерге түсіп жатады. Осы мәселені болдырмау үшін азық-түлік сапасы жіті қадағалау керек. Тексеріс барысында […]
Түркістан облысының басшылығы «KITA» қауымдастығының құрамындағы компаниялардың Түркістан облысында бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайын. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Кореяның ең алпауыт компанияларының басын біріктіріп отырған KITA қауымдастығының төрағасымен Түркістан […]
Пікір қалдыру