Халық тұтынатын азық-түліктің сапалы болғаны өте маңызды. Әсіресе жаз мезігілінде адамдардың жеміс-жидекке, тамаққа улануы жиі кездеседі. Осының салдарынан олар ауруханаға түсіп, әбігерге түсіп жатады. Осы мәселені болдырмау үшін азық-түлік сапасы жіті қадағалау керек.
Тексеріс барысында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерінің 29 үлгісі сатып алынды. Оның ішінде сүт өнімінен ішек таяқшалары тобының бактериялары, торт өнімінен стафилококк табылып, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 3 өнім сатылған. Бұл туралы өткен брифингте «Манғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан мәлімдеді.
«Кәсіпкерлер тауарды сату кезінде көп жағдайда температуралық режімді сақтамайды. Базарлардың жанындағы көше дүңгіршектерінде аптап ыстықтарда тәтті тоқаштар мен торттардың сатылып жатқанының куәсі болдық. Өнімді сатып алу кезінде көптеген сатушылар фискалды және сату түбіртектерін бермеген, Бұл әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 284-бабын бұзу болып табылады. Ал дүкендердегі сапасыз өнімді кері қайтару үшін фотосы мен банк аударымдары жеткілікті дәлел бола алмайды»-деді спикер.
Сонымен қатар баспасөз мәслихаты аясында Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Асқар Әшімханов сала бойынша өңірдегі 9 айда атқарылған істер бойынша баяндама жасады.
«Қазіргі таңда департамент және «Адал» қоғамдық бірлестіктері тарапынан 2024 жылдың 9 айында жалпы саны 44 тауар сатып алынып, зертханалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Нәтижесінде 44 тауардың 26-сы (ет,сүт, тауық еті және т.б) арнайы зертханаға тексеру үшін жолданып, кемшіліктер анықталған 9 тауар дүкендердегі сатылымнан алынды»-деді сала маманы.
28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында 2020 жылғы 15 мамыр-15 маусым аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «TÚRKІSTAN BAQ — 2020» байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқау шартына сәйкес, 23 маусым күні […]
Түркістан облыс аумағында тұрғындар санының көбеюіне байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі де артып келеді. 2024 жылдың 5 айында қоқыстарды қайта өңдеу үлесі 22,2%-ға жетіп отыр. Жыл қорытындысымен межені 26%-ға жеткізу жоспарланған. Қазығұрт, Отырар, Шардара, Бәйдібек, […]
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен биыл Шардара ауданында ұзындығы 131 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар 5 жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 41 шақырымы күрделі, 90 шақырымы орташа жөндеуден өтуде. Жыл […]
Пікір қалдыру