Түркістан облыс аумағында тұрғындар санының көбеюіне байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі де артып келеді. 2024 жылдың 5 айында қоқыстарды қайта өңдеу үлесі 22,2%-ға жетіп отыр. Жыл қорытындысымен межені 26%-ға жеткізу жоспарланған. Қазығұрт, Отырар, Шардара, Бәйдібек, Келес аудандары аумағында қоқыстарды сұрыптау немесе қайта өңдеу кәсіпорындары болмағандықтан қоқыстарды қайта өңдеу көрсеткішін орындау күмән келтіруде.
Түркістан облысында 2,1 млн адам тұратын 800-ден астам елді мекеннің 361-і қоқыс шығару қызметімен қамтылған. Аудан, қалалар аумағында 151 қатты тұрмыстық полигон орны белгіленген. Оның 32-сі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты бөлімге, 76-сы ауыл әкімдерінің және 43-і сенімгерлік басқаруға берілген. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде облыстағы 151 полигонның 71% талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Қоқыс полигондары мәселесі Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде арнайы талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
– Аудан, қала әкімдіктері мен жауапты басқарма ұсынған деректерде алшақтық бар. Нақтылап, шынайы ақпаратты ұсыныңыздар. Қатты тұрмыстық қаллық тастайтын полигондардың бәрі санитарлық талапқа сай әрі сапалы болуы тиіс. Тұтас зерделеп, қадағалаңыздар. Қоқысты өңдеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылсын, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтың айтуынша, облыс әкімімен Түркістан облысы аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындарын оңтайландыру және талапқа сәйкестендірудің 3 жылдық жоспары әзірленіп, бекітілген. Алайда аудан, қала әкімдіктерімен осы күнге дейін жұмыс жүргізілмеген.
2023 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ арқылы облыс аумағында ғарыштан түсірілім жасалып, елді мекендер аумағында қатты тұрмыстық полигонның сыртында бей-берекет қоқыстар тасталған 414 нүкте анықталған. Ал 2024 жылы 19 нүкте анықталып отыр, қазіргі уақытқа тазаланғаны – 3. Яғни, тұрғындар елді мекен аумағында заңсыз әрі тұрақты түрде қоқыс тастауды жалғастыруда. Бұл мәселені шешу бойынша да міндет жүктелді.
Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінің тұрғындары мен автокөлік жүргізушілері үшін қуанышты жаңалық. Биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында кент аумағындағы 7 көше толығымен жөндеуден өтіп ел игілігіне пайдалануға берілсе, 8 көшеге ағымдағы және күрделі жөндеу […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тацухико Касаи мырзаны және жапондық Kawasaki мен Marubeni компаниясының өкілдерін қабылдады. Кездесуде тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады. Аймақ басшысының айтуынша, Жапония Қазақстан Республикасы үшін, және […]
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде 505 мыңнан астам адамды қамтыған 2 537 іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде 529-ы – түсіндіру жұмыстары, 1908-і – білім беру ұйымдарындағы бірыңғай сағаттар. Бүгінде облыс бойынша көрсетілген мемлекеттік […]
Пікір қалдыру