Алты жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Бүгін өңір басшысы Дархан Сатыбалды 30 тамыз – Конституция күніне арналған салтанатты шарада өңірдің бірқатар жетістіктеріне тоқталды.
Қасиетті қалада түрлі нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті шаhарға айналды. Биыл Түркістан қаласы түркі әлемінің туристік астанасы болып жарияланды. Киелі қалаға Мемлекет басшысының тапсырмасымен ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда. Алдағы уақытта бұл құжат өңірдің дамуына айрықша серпін бермек. Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы да қарқынды жүруде.
Облыс экономикасының басты көрсеткіші жалпы өңірлік өнім көлемі биылғы 7 айда 2,9 трлн теңгеге жеткен. Ауқымды өндіріс орындарын қалыптастыруға энергетика тапшылығын шешу үшін маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Сайрамда 1 000 МВт станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Түлкібаста 320 МВт, Кентауда 240 МВт газ турбина станциялары, Сауранда 300 МВт күн электр станциясының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жаңа өнеркәсіп көздерін ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етеді. Электр энергия бағасы 47 теңгеден 25 теңгеге түсірілді.
Өнеркәсіп өнім көлемі биыл 7 айда 6,6 пайызға артып отыр. Сауран ауданында 100 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік парк жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жерде 160 өндірістік ғимарат салынып, 100 астам инвестициялық жоба іске қосылады. Нәтижесінде 5 000 жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда парк аумағында жиһаз фабрикасы іске қосылды, жаңбырлатып суғару қондырғылары өндірісі ашылды, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар қолданысқа берілді.
Басқа индустриялды аймақтарымызда аллюминиум, тау-кен металлургия, құрылыс материалдары, жиһаз және сусындар өндіру зауыттары алдағы уақытта ашылады. Жалпы 87 жоба іске асырылуда. Өндірісті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар әлі де жалғасады. Облыс экономикасына инвестиция тарту өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге артты.
Ақпан айының 23-24 жұлдызы күні Тараз қаласында «Тараз арена» спорт кешенінде грепплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің барлық облысынан 17 команда, жалпы 400 тарта спортшы қатысты. «Қазіргі таңда, елімізде грепплинг қарқынды дамып келеді. […]
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Созақ ауданына барып, бірқатар құрылыс алаңдарын аралады. Бұл туралы Түркістан облысының баспасөз қызметі хабарлады. Облыс басшысы алдымен мектеп құрылыс алаңында болды. Өңір басшысы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып […]
Түркістан облысында тұрақты профилактикалық жұмыстарға қарамастан, су айдындарында адамдардың қаза болуы бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі. Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде 23 адам қаза тапқан, оның 11-і бала. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар […]
Пікір қалдыру