Түркістан облысында экономиканың дамуына тың серпін беретін жалпы құны 145 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биылғы 7 айда 25 жоба іске қосылып, 866 жұмыс орны ашылды.
Өңір экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында өнім көлемі артты. Осыған сәйкес, өндірілген өнім көлемі бойынша облыс республикада ең жоғарғы көрсеткішке ие болды.
Бүкіл дүние жүзінде жыл сайын ағын су тапшылығы артып келеді. Осыған орай, суды көп тұтынатын дақылдар алқабын 10 мың гектарға қысқартылды. Су үнемдеу технологиясының қол жетімділігін арттыру мақсатында «Жылына 1 000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы «50 мың гектар тамшылатып суғару өндірісі» қолданысқа беріледі. «Тұран су» мемлекеттік кәсіпорны жылына 9 мың гектар аумақты тамшылатып суғару жүйесі өндірісі іске қосылуда. «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ал «Боралдай» су қоймасының құрылысы келесі жылы басталады.
Заманауи технология мен озық тәжірибені қолдана отырып мақта-тоқыма кластерін құруды қолға алдық. 200 мың шаршы метр құрайтын зауыт және фабриканың құрылысы басталды. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін қолдана отырып, облыста 3 сүт фермасы іске асырылады. Демографиялық өсімге байланысты жыл басынан бері тұрғын үйлер пайдалануға берілуде. Нәтижесінде, кезекте тұрған 5 мыңға жуық отбасының баспана мәселесі шешіледі.
Өңірде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 49 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, қосымша 3 ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Былтыр атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын 21 пайызға төмендеді. Биыл тағы да 26 пайызға дейін азайту жоспарланған. Нәтижесінде, кедейшілік деңгейі төмендейді деп күтілуде. Өз ісін ашуға ниет білдірген 1 793 адамға қайтарымсыз грант ұсынылады. 621 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие қарастырылған.
Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен ауылдық жерлерді дамыту мақсатында 2024 жылға «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 181 елді мекенде 211 жобаны іске асыруға қаржы бөлінді. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге нақты ықпал етеді.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай онлайн форматта көркемсөз оқу шеберлерінің «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ-АБАЙ» атты аудандық байқауы өткізіледі. Байқаудың өткізу ҚАҒИДАСЫ⬇⬇⬇ 1. Жалпы ережелер 1.Осы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауының қағидасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай бағытталған […]
Сауран ауданында жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Өңір басшысы ауданға қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жаңа өндірістік цех […]
Житель Келесского района Туркестанской области Айбек Сарибаев, воспользовавшись государственной программой, реализовал свой бизнес-план. Он обучался по программе» Бастау Бизнес » и получил сертификат. Затем выиграл грант в размере 505 000 тенге на поддержку молодых […]
Пікір қалдыру