ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕРЛЕР АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨМЕГІМЕН ТЕХНИКАЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ

 

Түркістан облысы Келес ауданының шаруалары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның көмегімен ауыл шаруашылығы саласының техникаларына қол жеткізуде. Соның бірі Қошқарата ауылдық округінде орналасқан «Жаңа Қоныс» ЖШС. 2016 жылы негізі қаланған серіктестік лизингке 2 бірдей трактор көлігін агрегаттарымен алған.
«2020 жылы Қазақстанда құрастырылып жатқан «LOVOL — 904» деп аталатын техникаларын алдық. Әрқайсысы 10 млн. теңгеден болды. ҚазАгроҚаржы ұйымының көмегімен лизинг бойынша алынған тракторлардың 15 пайызын бастапқы жарна ретінде өзіміз төледік. Қалған 85 пайызын «ҚазАгроҚаржы» төлеп берді. Енді 7 жыл ішінде несиемізді төлеп құтыламыз деген жоспарымыз бар. Жалпы біздің мекемеде 7 техника, 10 азамат тұрақты жұмыс істейді. Сондай-ақ, 750 гектар жайылым, 129 га егістік жеріміз бар», – дейді серіктестік директоры Құрманғали Тұрымбетов.
Жалпы Келес ауданының аумағында бүгінге дейін – 1 098 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. 2018 жылдан бері 45 техника жаңаланып, оның ішінде 9-ы 2018 жылы алынса, 24-і 2019 жылы алып келінді. Ал үстіміздегі жылы 12 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынды. Ағымдағы жылы алынған техникалардың бесеуі КазАгроҚаржы АҚ компаниясы арқылы лизингке алынған. Тағы үш техникаға лизинг шарты жасалған және қараша айына дейін қолына алу күтілуде. Жеті техника ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан өз қаражаты есебінен алынған. 2020 жылы қазан айына дейін алынған жаңа техникалардың жалпы құны 101 млн тенгені құрайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*