Түркістандық бір топ делегация Түркия елінің Стамбул қаласында арнайы инвесторлармен келіссөздер жүргізуде.
Іссапар барысында ірі өндіріс орындарын аралап, инвесторлармен G2В кездесулер өткізіп жатыр. Олардың қатарында әлемдік алпауыт кәсіпорындар да бар.
Сондай-ақ, делегация мүшелері бүгін арнайы Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажанның қабылдауында болып, жұмыс барысы мен жобаларды талқылады.
Сапар барысында Түркістан қаласы мен Стамбул, Габзе қалаларының кәсіпкерлік сала өкілдері арасында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қою жоспарлануда.
Пікір қалдыру