Түркия елінде, Ыстанбұл қаласында Қазақстан мәдениет және сауда орталығында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және Түркістан облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов қонақта болды.
Мәдениет орталығында биыл Түркия Республикасының 101 жылдығы және Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстың 33 жылдығына орай бірқатар игілікті шаралар атқарылды. Орталықта 100 фотосурет көрмесі ашылды. Алаш арыстарының түрік тіліне аударылған кітаптарының шығармаларының тұсаукесері өткізілді.
Түркістан қаласының Әзімбек Пазылбекұлы Түрік дүниесінің рухани астанасы Түркістанда атқарылып жатқан қарқынды істерге тоқталды.
«Облыс орталығының мәртебесін алған жасампаз жаңарған қала адам танымастай өзгерді. Жаңа қалашық бой көтерді. Мәдени нысандар саны артты. Ай сайын халықаралық жиын, симпозиумдар көптеп өткізілуде. Өндірістің нысандары бой түзеді. Түркі әлемінің орталығы атақты Қожа Ахмет Яссауи күмбезі барша Түрік халқын, Түрік дүниесін осы араға қол бұлғап шақырып тұрғандай. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-түрік университеті халықаралық мәртебеге ие болды. Онда Түрік дүниесіндегі ондаған мемлекеттерден мыңдаған жастар оқып білім алуда. Туризм саласы да кең құшақ жайды. Орта Азиядағы інжу-маржан атанған Самарқан мен Бұхарамен қатар әйгілі Түркістанның да жұлдызы жарқырай түсуде. Түркістан шаһарына Түркі халықтарын, әлем халықтарын төрімізге шақырамын » -деді Әзімбек Пазылбекұлы
Аймақтағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов аймақтарындағы келелі істерге тоқталды.
«Өңірде кәсіпкерлік, өндірістік сала, инвестицияны дамытуда барынша қолайлы жағдай жасалған. Эконмикалық, өндірістік, еркін туризм салалары қарқын алып тұр. Сол үшін де жақында ер Түріктің бесігі болған Түркістанда халықаралық форум өткізіледі және сол жиынға JS Holding басшылығын арнайы шақырамын» — деді Н.Мырзахметов.
Әлем Қазақтары іс адамдары ассоцияциясының мүшесі, JS Holding төрағасы Ғани Мырза жетекшілік ететін ірі халықаралық мекемеде бірнеше саладағы департамент және басқармалар бар. Қазақстан мәдениет және сауда орталығы, күн энергиясы мен акку-батареялар зауыды, жел қуатынан әзірленетін кәсіпорын, қағаз-картон комбинаттары өндірістік салалар бар. Осы істермен және салаларды дамытуда Қазақстанмен және Түркістан облысындағы жоспарлармен таныстырылды. Бұйыртса, жыл басындағы осы жоспарлардың негізі қаланады.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы “Түркістан” атты көрнекі бағалы кітапты (үш тілде) орталық басшысы, Түркістанның тумасы Ержан Уәйіске тапсырды.
Ал өз кезегінде орталық жетекшісі шаһар басшысына JS Холдингінің төрағасының атынан мәдениет орталығының естелік табақша сыйлығын табыстады.
Түркістандық құрметті қонақтар Ыстанбұлдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, ұлы ойшыл баба рухына тағзым етті.
Пікір қалдыру