Түркістанға келушілер мен қала тұрғындарын ерекше қуанышқа бөлеген саябақ. «Жібек жолы» деген атты иеленген алып демалыс орыны көрсеңіз көркімен көз қуантады. Қазір мұнда келушілердің саны арта түскен. Ашық аспан астындағы демалыс орны серуендеуге таптырмас орындардың бірі.
Бұл алып демалыс орыны «Жібек Жолы» саябағы қазіргі кезде демалыс орнында түрлі атракциондар мен балалардың ойын алаңшалары бар. Сондай-ақ төбеден Түркістанды толық көруге мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен қатар, «SOS» қауіпсіздік батырмасы мен «Turkistan bike» велосипед бекеті де орналастырылып, келушілерді үлкен қуанышқа кенелтуде.
Айта кетейік, Түркістан–Шымкент бағыты бойында орналасқан «Жібек жолы» саябағы ресми түрде 2021 жылы іске қосылды.
2019 жылы құрылысы басталған нысанда субұрқақтар, жасанды тоған, жасыл бұта, ағаштар мен газон егіліп, орындықтар қойылған. Сондай-ақ, спортпен шұғылдану үшін аяқжол мен веложолдар да салынған.
Пікір қалдыру