Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасы таныстырылды. Аталған заң жобасын депутаттарға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков таныстырып, халық қалаулыларының сұрақтарына жауап берді.
Аталған маңызды мәжіліске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бастаған жұмысшы топ өкілдері қатысты. Осы Заң жобасы Түркістан қаласының дамуына оң серпін береді деп күтіліп отыр.
Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістан облысына сапарында берген тапсырмасына және 2023 жылғы 10 сәуірдегі қарарына сәйкес әзірленген. Оны әзірлеуге Түркістан қаласының Түркі мемлекеттері ұйымы мен түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылуы да негіз болды. Сонымен бірге қаланың тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі, Түркістан қаласының халық санының тез өсуі де негіз болған. Соңғы 6 жылда халық саны 60 мыңға өсіп, қазір 233 мыңнан асты.
Заң жобасын әзірлеу барысында Англия, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан және тағы басқа мемлекеттердің тарихи ескерткіштерін сақтап қалу бойынша тәжірибелері зерттелген. Министрліктің өкілдері Заң жобасы бойынша Түркістан қаласына іссапарға шығып, халықпен кездескен, онда Заң жобасының ережелері, нормалары талқыланды.
Жаз мезгілінің басталуымен бірге Түркістан қаласы мен облысы аумағында балалардың сауықтыру және демалыс шараларын тиімді ұйымдастыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей тапсырмасымен жазғы лагерьлердің қауіпсіздігі мен жұмыс сапасына ерекше назар аударылып отыр. […]
Қазан қаласында 10-13 қараша күндері белбеу күресінен әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі күрес бәсекесінде ел намысын қорғаған Түркістан облысының мақтаныштары үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтар болсақ, Тұрмаханбет Қалмұхан 57 келіде күш сынап, боз кілем төрінде атой […]
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков салаларға бекітілген жоспар мен берілген тапсырмалардың орындалуы бойынша лездемелік мәжіліс өткізді. Күн тәртібіне сәйкес, бөлім басшылары атқарылған жұмыс есебін ұсынып, тапсырмаларды тарқатып баяндады. Шілде айында секторларда өткен жеке қабылдауының қортындысымен берілген […]
Пікір қалдыру