ТҮРКІСТАНДА «ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ» АЯСЫНДА 30-ҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ


Халықаралық қайырымдылық күніне орай, Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты мекемелер мен дербес бөлімдер «Игі істер марафонына» атсалысты.
Қайырымдылық марафоны аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 30-ға жуық отбасына көмек көрсетілді. Аталған отбасылардың сұранысына сай, кей отбасыларға тұрмыстық техника табысталса, енді бірі азық-түлік пен киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Кейбір тұрғындардың ауласы мен баспаналарының санитарлық жағдайы ретке келтірілді.
«Игі істер марафоны» — азаматтардың волонтерлік, қайырымдылықпен айналысуына ықпал ететін бірегей жоба. Биылғы жылдың шілде айында басталған қайырымдылық шарасы желтоқсан айына дейін жалғасады.

Айта кетейік, «Игі істер марафоны» жобасының екінші апталығы басталды. Бұл қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба.

Аталған апталық аясында республика бойынша 120-дан астам әртүрлі форматтағы іс-шаралар жоспарлануда.

Мысалы, Қостанай облысында жастарға арналған әлеуметтік жобаларды дайындау бойынша тренинг ұйымдастырылады. Маңғыстау облысында кәсіпорындағы жас мамандарға арналған «№7 спикер» конференциясы, ал Түркістан облысында «Ел ертеңі жалынды жастар» атты жастармен кездесу өтеді.

Бүгінгі таңда еліміздің 10,5 мыңға жуық белсенді азаматтары марафон аясында 1000-нан астам игі істер жасады.

Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік.
Жоба туралы толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz. сайтынан алуға болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*