Түркістан облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті.
Шараға қала басшысының орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты қатысты.
Фараб әмбебап кітапханасында өткен жиында биылғы Әуесқой футбол лигасы ойындарының жүлдегерлері марапатталды.
Басқосуда сөз алған Мекенхан Қозыханұлы әуесқой футболшыларға шаһар басшысының құттықтауын жеткізіп, алғыс хаты мен сыйлықтарын берді.
Сондай-ақ, шаһардың спорт саласына еңбегі сіңген, дамуына үлес қосып жатқан мамандарға қала әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Одан бөлек, мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы аталған лига ойындарының тұрғындар арасында спортты насихаттауға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, дәстүрлі түрде жалғасатынын жеткізді.
Жалпы, Түркістан қаласы бойынша кіші футболдан «Әуесқой Футбол Лига» 2024 жылғы көктем-жаз маусым ойындарына А, Б, С, Д, және Супер лига топтарына бөлініп 74 команда, 2000-ға жуық әуесқой футболшы қатысты.
Түркістан қаласында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында форум өтті. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаментінің бірлескен бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ауқымды шараға ҚР ІІМ-нің орынбасары Айдар Сайтбеков арнайы келді. Сондай-ақ […]
«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық […]
Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір […]
Пікір қалдыру