ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 100 ГЕКТАР ЖЕРГЕ АЛМА БАҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданында 100 гектар жерге алма бағы құрылды. Инвестициялық іс-шаралар шеңберінде «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығының қолдауымен және қаржыландыруымен ағымдағы жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданында жалпы көлемі 117,6 гектар болатын 7 интенсивті отбасылық алма бағы құрылды, оның 100 гектары интенсивті бақ үшін, 17,61 гектары қажетті инфрақұрылым үшін пайдаланылуда. Атап айтқанда, периметр бойынша жолдары, сорғы, сүзу станциялары, тұрмыстық ғимарат, қойма, бақылау пункті, құдық және т.б.
Жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін жобалардың жалпы қуаттылығы жылына 4500 тонна өнімді құрайды. Бұл бақтарда M9 тамыр сабағына келесі алма сорттары отырғызылған: Гала, Голден Делишес, Фуджи, Грэнни Смит. Отырғызу схемасы 4м х 1м құрайды.
Қарқынды отбасылық бақтарға арналған жабдықтар мен негізгі құралдарды жеткізуші «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС болып табылады. Ол өз кезегінде интенсивті бақтарды құрумен айналысады.
«DALA-FRUIT.KZ» ЖШС бақтары тамшылатып суару жүйесімен, торлы жүйемен, қорғаныс торымен, қажетті құрылымдармен, қоршаумен жабдықталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*