Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Жобалар өңірлік инвестициялық штабтың отырысында тұрақты талқыланады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды мамандармен 9 жобаның жай-күйі талқыланды. Әрбір инвестордың есебі, жұмыс барысы, жоспары және мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Өңір басшысы жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдіктеріне инвестрларды сүймелдеу жұмысын сапалы жүргізуді тапсырды.
– Инфрақұрылым, жер және өзге де мәселелер бойынша инвесторларға қолдау көрсетіңіздер. Ал инвесторлар және кәсіпкерлер! Кедергі болып жатқан мәселелеріңізді ашық айтыңыздар. Соны тыңдап, көмектесу үшін жиналып отырмыз. Әкімдік тарапынан не атқарылуы керек? Біз өз міндетімізді орындаймыз. Кәсіпкерлер де өздері бастаған жобаларын созбалаңға салмай уақтылы жүзеге асыруы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиында «КАТКО» ЖШС, «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС, «Gen Group Kazakhstan» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Корпорация «ERNUR» ЖШС, «MEGA AGAT» ЖШС, «Тауэнерго» ЖШС және «Сұлтан-Агро» ЖШС-нің басшылары мен өкілдері жұмыс барысы туралы баяндады.
Инвесторлардың айтуынша, Созақ ауданындағы уран өңдейтін зауыт құрылысы бойынша жұмыстар басталған. Ал Арыста Франциялық инвестордың көмегімен электровоз жөндейтін сервистік орталық салу жоспарланып отыр. Жоба құны – 2,5 млрд. теңге. 100 жұмыс орны ашылады. Келестегі алып жылыжайдың құрылысы да жүріп жатыр. Инфрақұрылымы тартылуда. Жоба іске қосылған соң 700 адам жұмыспен қамтылады. Сайрамда жылына 4 мың тоннадан астам өнім өндіретін жылыжай құрылысы қолға алынған. 150 адам жұмыспен қамтылмақ. Төлеби ауданында үлкен тігін цехы салынуда. Қазір ғимарат тұрғызылған.
Инфрақұрылымға қатысты мәселелері бар. Ол бақылауға алынды. Жылына 150 мың дана киім тігетін кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылады. Биыл жұмысын бастайды деп күтіліп отыр.
Инвестштаб отырысында Бәйдібектегі құс фабрикасы, Арыстағы көліктік-логистикалық орталығын салу барысы да талқыланды. Арыстық инвестордың айтуынша, негізгі ғимарат бой көтеруде. Биыл бірінші тоқсанда тапсырылмақ. Тоғыз жолдың торабындағы Арысты «құрлықтағы портқа», яғни, ірі сауда орталығына айналдыру көзделіп отыр.
Төлебидегі су электр станциясы мен Саурандағы сүт фермасының құрылысы да қарқынды. Сүт фермасына Шығыс Еуропадан сүтті сиырлар әкелінеді. Жоба құны – 3,2 млрд. теңге. 40 адам жұмыспен қамтылады. Аталған инвестициялық жобалардың біразы биыл жүзеге асады. Ол жұмыстар бақылауға алынып, кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша тапсырмалар берілді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарында «Отырар Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 2009 жылы құрылған кәсіпорында түйе сүті өңделіп, шұбат шығарылады. Жоба бастамашысы Нұрсұлтан Ахаевтың айтуынша, кәсіпорын тәулігіне 5 тонна […]
Тәртіп пен тәрбие – бір тамырдан тарайтын егіз ұғым. Ал бұл қос құндылық өмірлік ұстанымына айналған жандардың бірі – полиция подполковнигі Жұпаркүл Абибуллақызы Абдибекова. Бүгінде ол – Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі құрамында […]
1 қазан -Халықаралық қарттар күнін» мерекелеуге байланысты, Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан қарт сотталғандарды құттықтаумен мерекелік іс-шара өткізілді. ИЧ-167/9 мекемесінде сотталғандар арасында алпыс жастан асқан 23 қарт […]
Пікір қалдыру