Түркістан облысында стратегиялық және экономикалық тұрғыдан аса маңызды, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамытуға мүмкіндік беретін – «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы» құрылуда. Түркістан қаласы аумағында 30 гектар алқапта шағын өнеркәсіптік парк салынуда. Парктің ерекшелігі кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттар ұсынылады. Бүгінгі таңда жобаның І кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Қосымша ІІ және ІІІ кезеңдерінің құрылысы басталды. Бұдан бөлек аумағы 2 субаймақтан тұратын «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл аймақта қатысушыларға салықтан босату, кедендік жеңілдіктер және инфрақұрылымы бар жер телімдерін қоса алғанда, ерекше құқықтық режим ұсынады.
Форум барысында Түркістан өңірінің атынан облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен «Узтекстильпром» қауымдастығының төрағасы Мирмухсин Сұлтанов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұдан бөлек «ҚАЗАҚ ЖІБЕК» қауымдастығыӨзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Жібек және жүн өнеркәсібін дамыту комитеті Жібек кластерін дамыту жобасын бірлесіп жүзеге асыру бойынша 2024-2029 жылдарға
инвестициялық келісімшарт жасасты Ал «Юпитер-М» ЖШС мен «Самарқанд ирригация жүйесі» ЖШС арасында дәнді дақылдарды өсіруге арналған суды үнемдейтін (жаңбырлататын) технологиялар мен суспензияларды енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан бизнес форумның мақсаты сауда-экономикалық серіктестікті нығайту, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнату және сауда қатынастарын жандандыру, екіжақты кездесулер өткізу.
Айта кетейік, Астанада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавхат Мирзиеевтің Қазақстанға ресми іссапары аясында «Қазақстан-Өзбекстан» бизнес форумы өтіп жатыр. Көршілес елдің әлеуетті кәсіпкерлерімен тікелей байланыстар орнатылуда.
Пікір қалдыру