Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанға Республикалық референдум өткізу тағайындалды. Осыған орай, Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу кестесін бекітті.
Бекітілген кестеге сәйкес, аудандық жастар ресурстық орталығының акт залында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында Мақтаарал ауданының 36 учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне оқыту семинары өткізіледі. Оқыту семинарға 200-ден аса комиссия мүшелері қатысты.
Аталған семинарда Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбеова тыңдаушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, республикалық референдумды өткізудің құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ш.Сатыбалдиев республикалық референдум өтетін күні комиссия мүшелері дауыс беру процессінде қандай да бір кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол бермеуге және Қазақстан Республикасы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді ескертіп, аудандағы сайлаушылардың референдумға қатысу белсенділігін арттыру бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Оқыту семинардың мақсаты: учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздері мен республикалық референдумды әзірлеу және өткізу кезеңіндегі референдум процесінің ерекшеліктері туралы білім алу арқылы референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін арттыру.
Семинар соңында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, учаскелік референдум комиссияларының мүшелеріне республикалық референдумды әзірлеу және өткізу бойынша кәсіби деңгейлерін бақылау мақсатында тестілеу жүргізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел дамуы үшін маңызды болып саналатын бірнеше бағытқа баса назар аударды. Атап айтқанда, цифрландыру, өнеркәсіп өндірісі, азаматтардың әл-ауқаты, ауыл шаруашылығын қолдау, инвестиция тарту және ғылымды […]
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанға Республикалық референдум өткізу тағайындалды. Осыған орай, бүгін 2024 жылғы 5 қыркүйек күні Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу […]
Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына «Nur Otan» партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл көмек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы бойынша жолданып отыр. Тұрғындарға бірінші кезектегі […]
Пікір қалдыру