Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанға Республикалық референдум өткізу тағайындалды. Осыған орай, Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы, Мақтаарал ауданының учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне каскадты әдіс бойынша оқу семинарларын өткізу кестесін бекітті.
Бекітілген кестеге сәйкес, аудандық жастар ресурстық орталығының акт залында Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында Мақтаарал ауданының 36 учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне оқыту семинары өткізіледі. Оқыту семинарға 200-ден аса комиссия мүшелері қатысты.
Аталған семинарда Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Г.Калдарбеова тыңдаушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, республикалық референдумды өткізудің құқықтық негіздері мен референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ш.Сатыбалдиев республикалық референдум өтетін күні комиссия мүшелері дауыс беру процессінде қандай да бір кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол бермеуге және Қазақстан Республикасы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз етуді ескертіп, аудандағы сайлаушылардың референдумға қатысу белсенділігін арттыру бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Оқыту семинардың мақсаты: учаскелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздері мен республикалық референдумды әзірлеу және өткізу кезеңіндегі референдум процесінің ерекшеліктері туралы білім алу арқылы референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейін арттыру.
Семинар соңында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, учаскелік референдум комиссияларының мүшелеріне республикалық референдумды әзірлеу және өткізу бойынша кәсіби деңгейлерін бақылау мақсатында тестілеу жүргізілді.
Түркістан қаласында референдум аясындағы №133 дауыс беру учаскесіне алғашқылардың бірі болып, ең жас дауыс беруші келді. 18 жастағы Несібелі Сегізбай елімізде АЭС құрылысының жүргізілуіне қатысты өз таңдауын жасады. Алғашқы үлкен таңдауын жасаған Несібелі ел тұрғындарын […]
АЭС салуды жөнінде Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттары М.Сәрсенов, Н.Байсейтов №2 балалармен жасөсіпірімдер спорт мектебі және «Мырзакент» спорт клубының спортшыларымен кездесіп, 6 – қазанда өтетін референдум бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 7639 гектар ауыл шаруашылығы жерлері су тасқынынан зардап шеккен. Су астында қалған мал шығыны 297 бас мал. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылды. Алдағы уақытта өтемақы жасалатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар […]
Пікір қалдыру