Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген. Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесінде Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шоқан Адайдеков Асықата кентіндегі «Қайнар» мектеп-гимназиясында өткен салтанатты жиынға қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтады.
«Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін білім ұяларының табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндерді мейіріммен, үлкен дайындықпен қарсы алады. 1-қыркүйек айтулы мереке ғана емес, бұл еліміздің болашағы үшін жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әрбір бүлдіршіннің жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық пен жаңа бастамаларыңызға тек қана сәттілік тілеймін!» деді аудан басшысы.
Салтанатты шарада Шоқан Адайбеков те оқушылар мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жақсы білім мен тәрбие алуларына, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуларына тілектестік білдірді.
Айта кетейік, өткен оқу жылында аудан мектептерін тәмамдаған 4 мыңға тарта 1-сынып бүлдіршіндерінің 77-сі, 3940 9-сынып бітіргендердің 93-і, 11-сыныпты аяқтаған 3060 бітірушінің 64-і «Қайнар» мектеп-гимназиясында білім алған. Одан бөлек, «Үздік аттестат» алған 246 бітірушінің 6-ы, 190 «Алтын белгі» иегерлерінің 9-ы осы мектептің түлектері.
Жаңа оқу жылында аудан бойынша 4215 бала мектеп табалдырығын аттап, 3295 бүлдіршін мектепалды дайындық топтарына келсе, өткен оқу жылының рейтингі бойынша көш бастаған «Қайнар» мектеп-гимназиясында 100 асықаталық бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданған.
Спорттың тұрғындар денсаулығына оң әсерін тигізетінін жақсы білетін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудандағы салауатты өмір салтын ұстанушылардың санын арттырып, бұқаралық спортты дамытуға, дене шынықтыру саласындағы күрмеуі қиын мәселелерді оңтайлы шешуге ерекше көңіл бөліп […]
Жетісай ауданында тұрғындардың жол қауіпсіздігі мен жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында автомобиль жолдары саласын дамыту ісі кеңінен қолға алынып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә.Оспанов […]
Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Жылдағы жағдай бойынша оқу жылы аяқталысымен қажеттілігіне қарай мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін толық тапсырылуы тиіс. Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов […]
Пікір қалдыру