«Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Жетісай ауданында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «ҚОНЫС АУДАРУ» жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға 250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысып, өздеріне қажетті мәліметтерден құлағдар болды.
Республикамыздағы халқы тығыз орналасқан, жұмысшы күші көп аймақ саналатын Түркістан облысынан жұмыс күші жетпейтін Солтүстік өңірлерге 2015 жылдан бері 3689 отбасының 14 126 мүшесі қоныс аударған. Бұл республика бойынша қоныс аударушылардың 33 пайызын құрайды.
Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қоныс аудару» жәрмеңкесіне аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысты. Жәрмеңке барысында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген делегация мүшелері өңірлердің жай-күйімен, жергілікті азаматтардың тыныс-тіршілігімен, өңірдің перспективасымен таныстырды. Қоныс аударуға ниетті азаматтармен тілдесіп, мемлекет солтүстік облыстарға қоныс аударған азаматтардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде ақша, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы берілетінін, сонымен қатар, қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызу, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуді міндетіне алатынын түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің биылғы жылға бөлген 7050 квотасы негізіген Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстарының еншісінде.
Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер Жетісай ауданымен қатар Мақтарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам және Бәйдібек аудандарында да өткізілетін болады.
Түркістан облысы, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс бірнеше кезеңмен жүзеге асуда. Кеншілер қаласын газдандыру жұмыстарына облыс әкімі ерекше назар аударып келеді. Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен арнайы жұмыс […]
Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Тіпті әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде. Өйткені қала әкімі М.Әйтенов төтенше жағдай кезінде халықтың қажеттелігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы […]
Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Ол туралы алғаш екі жыл бұрын Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылды. Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы қос «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдымен […]
Пікір қалдыру