Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері, тиісті сала мамандары қатысты. Базынасын айтып келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және оның кезегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік және демеушілер есебінен қаржылай, материалдық көмек алу, кәсіпкерлік саласын дамыту, қаланың санитарлық тазалығы, ақылы қоғамдық және мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу секілді өтініштерін жеткізіп, көмек сұрады.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әрбір өтініштері мен ұсыныс пікірлері бойынша заң аясында кеңестер беріп, мәселені шешу жолдарын ұсынды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Жұмысқа орналасу үшін Жетісай аудандық «Мансап» орталығының кіші ақпараттық жүйесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін алғаннан соң бос жұмыс орындарына жолдануға мүмкіндік бар екендігін айтты.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына арнайы тапсырмалар беріп, тұрғындардың өтініштерін мүмкіндігінше қанағаттандыруды тапсырды.
Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы өзінің иелігіндегі 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келеді. Биылғы жылы да қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын сәуір айының басында еккен. […]
Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану және жұмыссыздықты азайту бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде осы мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға аудан әкімінің […]
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті жеке қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында облыс басшысы әрбір мәселені жауапты сала жетекшілерімен бірге мұқият зерделеп, оларды шешудің нақты жолдарын қарастырды. Қабылдауға Түркістан қаласынан […]
Пікір қалдыру