Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданы аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынуда.
Аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтау жұмыстарына жұмылдыру ісіне аудандық «Нұғман» орталық мешітінің имамдары мен мешіт жамағаты да атсалысып, мешіт маңындағы көшелерге, гүлзарлар мен автотұрақ орындарын күл-қоқыстардан, шөптерден тазартты.
«Мемлекет басшысымыздың бастамасымен бастау алған тазалық жұмыстарына қатысушы мешіт жамағатының саны да күн санап артып келеді. Бұл – тұрғындардың туған өлкеге деген махаббаты, жанашырлығы деп білеміз. Қазірде аудандағы барлық мешіттердің аумағында тазалықты сақтау мақсатында арнайы кестелер бекітіліп, санитарлық тазалық жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатырмыз» дейді Жетісай ауданы бас имамының міндетін уақытша атқарушы Бағдат Шаймерден.
Шараны ұйымдастырушылар сенбілік жұмыстары тек орталықтардағы мешіттерде ғана емес барлық округтердегі елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатындығын айтады.
Сондайқ-ақ, бұл күні Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов бүгін «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының ғимаратында аудан тұрғындарына арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізгенін де айта кеткен жөн.
Аудан басшысының қабылдауына «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудан әкімінің орынбасарлары, білім, денсаулық сақтау саласы мен құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары мен қала, бірқатар округтердің әкімдері қатысты.
Қабылдауға жазылған тұрғындардың басым бөлігі тұрғылықты жерлеріндегі көше жөндеу жұмыстары мен түнгі жарықтандыру, ауыз су, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік пен тазалық, балабақшалардағы бүлдіршіндердің денсаулығы бойынша арыз-шағымдарын жеткізіп, шешілу жолдарын бірге талқылады.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша құқықтық кеңестер беріліп, жауапты сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.
Жетісай ауданының мақта дақылын өндіруші шаруаларының мәселесін оңтайлы шешу мақсатында өңірдің мақта өңдеу зауыттары мен ауданның ірі шаруа қожалық төрағаларымен кездесу өткізді. Ашық әңгіме барысында мақта шарушылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, аудан басшысы тарапынан тиісті […]
Биылғы жылы Жетісай ауданында 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,9 мың гектарына мақта шикізаты, 19,7 мың гектарына бақша, 3,4 мың гектарына көкөніс, 11,1 мың гектарына мал азықтық дақылдар егілген. Бүгінгі таңда бақша, көкөніс, жеміс-жидек және […]
Жетісай ауданы – Түркістан облысындағы аграрлық әлеуеті жоғары, ауыл шаруашылығы бағытында үлкен тәжірибесі мен жетістіктері бар өңір. 2025 жылдың маусым айында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде осы бағыттағы жұмыстар мен […]
Пікір қалдыру