Жетіай ауданының әкімі Серік Мамытов, білім күні қарсаңында ауданның білім ошақтарында қызмет етіп жүрген мұғалімдерді білім күнімен құттықтады. Ол өз құттқтауын «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар мен барша қазақстандықтар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн әсіресе, балалардың көптен күтетін мерекесі.
Өйткені, әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни, 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады. Бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы бастау алатын жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әрбір бүлдіршіннің жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Өткен оқу жылында 4 мыңға тарта бүлдіршін 1-сыныпты, 3940 бітіруші 9-сыныпты, 3060 бітіруші 11-сыныпты бітіріп, 246 бітірушіміз «Үздік аттестат», 190 бітірушіміз «Алтын белгі» иегері атанған. Ал, биылғы оқу жылында 4215 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаса, 3295 бүлдіршініміз мектепалды дайындық топтарында тәрбиеленетін болады. Биылғы оқу жылын былтырғыдан да жоғары нәтижелермен қорытындылаймыз деп үміттенемін.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларыңызға тек қана сәттілік тілеймін!
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында ауданда құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарын аралап, жұмыстардың барысымен, сапасымен танысты. Мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, құрылысты жүргізудегі қолбайлау болып отырған мәселелердің шешілу […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданы аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынуда. Аудан тұрғындары […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен аудандағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда. Аудан әкімінің өкімі негізінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер […]
Пікір қалдыру