Жетісай ауданы әкімінің қала тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдауларында айтылып, әлекметтік желілерде жиі жазылатын Жетісай қаласындағы Амангелді көшесіне асфальт төсеу, жеке тұрғын үй секторлары мен көппәтерлі тұрғын үйдің аулаларын су басуының алдын алу мақсатында арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Бұған дейін аталмыш көше бойында орналасқан көптеген кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұрғын үй секторларының, жекеменшік балабақша иелерінің су қашыртқыларының үстіне заңсыз құрылыс салып алуының салдарынан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына кедергі келтіріліп, жауынды күндері су басу қауіпі орын алуда.
Аудан басшысы аталмыш мәселеге байланысты арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдерімен заңсыздықтарға жол берген тұрғындармен тілдесіп, заң мен тәртіпке мойынсұну қажеттігін, арық-атыздардың үстіне құрылыс жүргізуге болмайтынын айтып түсіндірді.
Қаладағы жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық 175 көше мен 34 шақырымды құрайтын арық-атыздардың 2,8 шақырым жолы мен 3,6 шақырым арық-атыз Амангелді көшесіне тиесілі. Бүгінде аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей тапсырмасымен Амангелді көшесінің Рудаки-С.Ерубаев көшелерінің аралығындағы 1,1 шақырым асфальтталды. Енді қалған бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы аудандық және қаланың IV деңгейлі бюджетінен жалпы ұзындығы 18,08 шақырымды құрайтын 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қала көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 71,6 пайызға жеткізсе, биылғы жылы аудандық қазынадан қаралған қаржы есебінен жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт төселген. Алдағы күндері қаланың IV деңгейлі бюджетінен ұзындығы 5,27 шақырым тағы 5 көшеге орта жөндеу жүргізіліп, шаһардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 77,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Негізгі табысы агросектор саналатын Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде ағын су бағасын тұрақтандыру, жеңілдетілген жанар жағар май мен минералды тыңайтқыштардың уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, егістікке қажетті ағын су тапшылығын төмендету үшін каналдарды жөндеуден […]
Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Жылдағы жағдай бойынша оқу жылы аяқталысымен қажеттілігіне қарай мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін толық тапсырылуы тиіс. Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов […]
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде аудандағы мақта терім науқанына қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтар болсақ, 25 мың гектарға жуық жерге дефолиациялау жұмыстары жүргізіліп, 715 дана тракторлардың, 897 дана трактор тіркемелерінің, 61 дана […]
Пікір қалдыру