Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен қаржы институттары тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бүгінде қаржы инсититуттары арқылы қаржыландыру жүйесі белсенді дамып келе жатқандығы түсіндірілді. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту үшін жеңілдетілген несиелерге қаржыландыруға өтінім бере алатындығы сөз болды.
Кездесу барысында күзгі дала жұмыстарына дайындықтың барысы жөнінде де айтылып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға сала мамандары нақты жауаптар берді.
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен бұқараның арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес Жетісай ауданының әкімі […]
Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Жылдағы жағдай бойынша оқу жылы аяқталысымен қажеттілігіне қарай мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін толық тапсырылуы тиіс. Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов […]
Жетісай ауданында заманауи денешынықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі. Жетісай қаласының орталық саябағында бой көтерген спорт кешенінде көрерменге арналған 150-дей орын […]
Пікір қалдыру