Жетісай ауданында заманауи денешынықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.
Жетісай қаласының орталық саябағында бой көтерген спорт кешенінде көрерменге арналған 150-дей орын бар. 2022 жылы құрылысы басталған нысанның сметалық құны 1 млрд 174 млн теңге. Ауданы 1 гектардан астам.
Заман талабына сай салынған кешенде енді балалар мен жасөспірімдер спорттың волейбол, баскетбол, футзал, ауыр атлетика, үстел теннисі, еркін күрес, таэквондо және бокс сынды түрлерімен тұрақты шұғылдана алады.
15 айда пайдалануға берілген спорт кешенінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» мекемесі орналасады. Клуб құрамында жасақталған 61 топта 860 спортшы спорттың 7 түрімен тұрақты шұғылданып келеді. Түрлі деңгейдегі жарыстарда жеткен жетістіктері де аз емес.
Айта кетейік, «Жетісай спорт клубы» мекемесінде бүгінде 25 жаттықтырушы мен 13 нұсқаушы ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округтерде спорттық үйірме жұмыстарын жүргізеді. Бұл өз кезегінде балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыра білуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтіні анық.
Жетісайға жұмыс сапарында облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылыс алаңында болып, мердігердермен кездесті. Жауапты тұлғаларға тасырмалар берді.
Сондай-ақ облыс басшысына аудан аумағындағы өзекті мәселелер баяндалды.
Ауданның электр энергиясының тапшылығы,
газдандыру, ағын су, каналдарды механикалық тазалау, ауылдық мәдениет үйлерін салу мәселелері жеткізілді.
Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Оқушылардың озық білім алуы – басты назарда. Осы мақсатта Түркістанда өткен облыстық тамыз кеңесінде «Инновациялық жобалардың» көрмесі ұйымдастырылды. Өңір басшысы […]
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының шаруалары мал тұқымын асылдандыруға аса ден қойып отыр. Мал шаруашылығы дамыған өңірде жыл басынан бері 4129 бас асыл тұқымды мал сатып алынды. 327 бас мүйізді ірі қара, 3739 уақ мал […]
Шардаралық диқан биыл 25 гектар жерге күріштің лазер және мустақил сорттарын еккен. «Бағдат» шаруа қожалығының төрағасы Аманәлі Ералиев жалпы 170-175 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Шаруа күріштен бөлек, мақта, арпа, бидай және жоңышқа да егеді. […]
Пікір қалдыру