Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Ұзындығы екі жүз отыз бес метрді құрайтын жол аудан тұрғындарының емханаға кептеліссіз келіп-кетуі мен жедел жәрдем көліктері кеңсесіне кедергісіз кіріп-шығуына мол мүмкіндік бермек.
Айта кетсек, екі мың жиырма төртінші жылға Шардара қаласындағы он алты көшеге тас төсеу және асфальт жабынын төсеуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Шардара қаласындағы О.Жандосов, Шоқан Уәлиханов, Юсупов, Смағұлов-Алаш, Бауыржан Момышұлы, Ақан Сері және Жаңа емханаға баратын жолға асфальт жабыны, Тәуелсіздік, Қорқытата, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Мұнайбаза, Мұса Жәлел, Т.Рысқұлов көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Қалған Құршан Ералиев, Әбілхан Қастеев, Ерәлиев көшелеріне асфальт жабынын төсеу мақсатында тегістеу, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы екі мың жиырма төртінші жылдың қыркүйек айының соңына дейін толық аяқтап, тұрғындар игілігіне табыстау жоспарлануда.
Сонымен қатар “Ауыл Ел бесігі” бағдарламасы аясында Қоссейіт ауылдық округіндегі тоғыз көшеге асфальт жабыны төселуде.
Биыл Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі Тегісшіл, Таскесекен, Мадениет елді мекендерінде «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында 36 көшенің 29,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, қанағаттандырарлық жағдайға жеткізілетін болады. «Ауыл — Ел бесігі» жобасының басты […]
Ағымдағы жылдың жиырма үш, жиырма бесінші тамыз аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында он тоғызыншы Қытайлық тауарлар көрмесі өтті. Көрмеге ауданымыздың «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативының тауарлары қойылып, Шардара ауданы әкімдігінен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан […]
Шардара қаласында аудан жастарына арналған маңызды іс-шара – «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясындағы ашық форматтағы семинар өткізілді. Жастардың қаржылық және құқықтық мәдениетін арттыруды көздеген бұл басқосуды «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық […]
Пікір қалдыру