Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған Жолдауында елімізде балық шаруашылығын дамытудың маңыздылығына тоқталып, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2030 жылға арналған бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама шеңберінде 2030 жылы елімізде балық өсіру көлемін 270 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.
Түркістан облысында балық өсіру, акваөсіру саласын дамыту мақсатында алғаш рет «Шардара балық мектебі» ЖШС осыдан 2 жыл бұрын өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде мектеп кәсіпкерлерді 70 пайыз тәжірибе жүзінде ал қалған 30 пайызы білімді мамандардың теория бойынша оқытып, білім беріп жатыр. Мектепке келушіліердің тең жартысы еліміздің өзге өңірлерінен келген. Нақтылап айтқанда, Алматы, Ақтау, Атырау, Тараз және тағы да басқа өңірлерден келген. Қазірге таңда олар өз жеке шаруашылықтарын дамыту үшін қажетті білімді игеріп, кәсіптерінің жаңа бір деңгейге көтеруді көздейді.
Балық өсірушілер су айдындары мен тоғандардың аймағынан шаруашылықтарды дамыту үшін жер телімдерін рәсімдеуді уақтылы, тез арада заңдастыру, балық шаруашылықтарының көлемі мен санының көбеюіне байланысты, акваөсіру бойынша кеткен шығындардың көлемін субсидиялауға қосымша қаржы бөлуді сұрап жүргенін де айта өтейік. Облыс әкімдігі тарапынан балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету және жаңадан балық шаруашылығын нысандарын ашу жоспарын орындау жүктелді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітілген 91 су айдынын қайтадан талдап, зерделеуді тапсырып, экспортқа ден қоюды тапсырған. Ермек Кенжеханұлы осы бағытта жұмыстар атқарылуы керектігін айтып, жауапты мамандарға тапсырма берген-ді. Сондай-ақ балық шаруашылығы саласына инвестициялар тарту жұмысын күшейту қажет екені де үнемі назардан түскен емес.
Пікір қалдыру