Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде үрдіске айналған сенбілік жұмыстары ауданның көркеюіне өзіндік үлесін қосуда.
Бүгін аудандағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында өткен сенбілік жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерінен, белсенді азаматтар мен ерікті жастардан, жергілікті тұрғындардан мыңнан астам адам мен 10 техника жұмылдырылды.
Санитарлық тазалық жұмыстарына қатысушылар негізінен көппәтерлі тұрғын үйлер мен саябақтардың, скверлер мен аллеялардың, автожолдар мен тұрғындар көп жүретін орындардың маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тазартып, шөптерін шапты. Қураған ағаштарды бұтады.
«Тазалық шараларын жиі ұйымдастырып өткізудегі негізгі мақсатымыз – аудан тұрғындарын туған өлкені таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы экологиялық тазалықты сақтауға, ұжымдасып жұмыс жүргізуге шақыру. Мұндай шараларды тұрақты түрде өткізуіміздің нәтижесінде қатысушылардың қатары да күн санап артып келеді. Бірқатар елді мекенде ауыл ақсақалдары тазалықтың сақталуын өз бақылауларына алған» дейді аудан әкімі Серік Үсенұлы.
Бұдан бөлек, бүгінгі сенбілікте аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды қоқыстан, керексіз қалдық заттардан тазартты.
Барлық тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамауға, санитарлық тазалықтың сақталуына үлес қосуға шақырамыз.
Сенбіліктің қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның қашан да тынысы кең болмақ.
Жетісай ауданында тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спорт саласын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде жер-жерлерде спорт нысандары бой көтеріп, спортты жанына серік етушідердің де саны күн санап артып келеді. Қимыл-қозғалыстың тездігі, […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2-қыркүйек күні жолдаған дәстүрлі Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту қажеттегіне тоқталған болатын. Өйткені, дені сау азамат қана қоғамның толыққанды мүшесі бола алады, елдің дамуына үлесін қосып, өзіне […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты. Аудан аумағындағы заңсыз адам тасымалымен айналысатын автобекеттер мен жеке такси жүргізушілерінің жұмысын тоқтату, […]
Пікір қалдыру