Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аудан аумағындағы заңсыз адам тасымалымен айналысатын автобекеттер мен жеке такси жүргізушілерінің жұмысын тоқтату, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік алқаптарының құжаттарын (Қаулы, мемлекеттік актілерін Мақтаарал ауданынан Жетісай ауданы деп өзгерту) заңдастыру бойынша және елді мекендердегі санитарлық тазалық жұмыстарын сақтауда орын алып отырған кемшіліктерді жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы күн тәртібінде негізгі мәселе ретінде талқыланса, бюджеттік және жекеменшік мекемелердің жылыту маусымына дайындық пен тазалық жұмыстарын жүргізудің барысы, қаладағы заңсыз құрылыстарды жою, «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру мен мақта терім науқанына дайындықтың барысы туралы мәселелер қосымша мәселелер ретінде қаралды.
Қаралған әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстарының есебін беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ұсыныс-пікірлер талқыланды. Анықталған кемшіліктер мен орын алған олқылықтарды жою бойынша аудан басшысы нақты тапсырмалар беріп, нәтижесін бақылауды аппарат басшысына тапсырды.
Пікір қалдыру