Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ауданда ауқымды сенбілік өтті.
Қала, кент, ауылдық округтердегі елді мекендермен қатар Шардара-Жетісай автожолы бойындағы Қарасақал елді мекенінің тұсындағы 8 шақырым жолын санитарлық тазарту, күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарына 850 тұрғын қатысты. 5 техника жұмылдырылды.
«Тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениеттерін қалыптастыруға және өздері мекен ететін елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалының мол екенін насихаттайтын сенбілік жұмыстарына қатысушылардың қатары күн санап артып келеді. Мұндай қоғамдық жұмыстарға жастармен бірге ауыл ақсақалдары, билері, белсенді азаматтары барынша атсалысып, үрдіске айналдырып та үлгерген» дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов.
Айта кетейік, бұған дейін де аудан басшысының тапсырмасымен аудан аумағында тазалық жұмыстарын бір қалыпқа келтіру, жүйелендіру мақсатында коммуналды сала қызметкерлері мен ауыл билерінің, аудандық полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет жиындар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Одан бөлек көпшілік орындар мен адамдар жиі жүретін жерлерге тазалықты сақтау, санитарлық талаптарды орындауға шақыратын үнпарақшалар ілінген, бейнебақылау камералары орнатылған. Мұның бәрі бірінші кезекте қоғамды қоқыстан тазартуға, тұрғындардың мәдениеттілігі мен тазалық жұмыстарын сақтауға мүдделі болуларына, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға оң ықпалын тигізері анық.
Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамыту, жер ресурстарын тиімді пайдалану және жұмыссыздықты азайту бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде осы мәселелер кеңінен талқыланды. Жиынға аудан әкімінің […]
Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары 79,3 мың гектар егістік жерге егін екті. Оның 40,8 мың гектары мақта дақылы. Жетісай ауданының мақта дақылын өндіруші шаруаларының мәселесін оңтайлы шешу мақсатында өңірдің мақта өңдеу зауыттары мен ауданның ірі […]
Өздеріңізге жақсы мәлім, 2024 жылдың 2-ші қыркүйегі күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының басты тоғыз бағытын атап өтті. Төртінші бағыты инфрақұрылымға […]
Пікір қалдыру