Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ауданда ауқымды сенбілік өтті.
Қала, кент, ауылдық округтердегі елді мекендермен қатар Шардара-Жетісай автожолы бойындағы Қарасақал елді мекенінің тұсындағы 8 шақырым жолын санитарлық тазарту, күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарына 850 тұрғын қатысты. 5 техника жұмылдырылды.
«Тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениеттерін қалыптастыруға және өздері мекен ететін елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалының мол екенін насихаттайтын сенбілік жұмыстарына қатысушылардың қатары күн санап артып келеді. Мұндай қоғамдық жұмыстарға жастармен бірге ауыл ақсақалдары, билері, белсенді азаматтары барынша атсалысып, үрдіске айналдырып та үлгерген» дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов.
Айта кетейік, бұған дейін де аудан басшысының тапсырмасымен аудан аумағында тазалық жұмыстарын бір қалыпқа келтіру, жүйелендіру мақсатында коммуналды сала қызметкерлері мен ауыл билерінің, аудандық полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет жиындар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Одан бөлек көпшілік орындар мен адамдар жиі жүретін жерлерге тазалықты сақтау, санитарлық талаптарды орындауға шақыратын үнпарақшалар ілінген, бейнебақылау камералары орнатылған. Мұның бәрі бірінші кезекте қоғамды қоқыстан тазартуға, тұрғындардың мәдениеттілігі мен тазалық жұмыстарын сақтауға мүдделі болуларына, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға оң ықпалын тигізері анық.
Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен Мұхамеджан Бейсенбайұлының ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы «Бекзат Саттарханов» атындағы көпбейінді спорт кешенінде ересектер арасында волейболдан ауданаралық турнир болып өтті. Жетісай, Мақтаарал […]
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен квазимемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде бекітілген […]
Спорт – денсаулық кепілі. Мемлекетімізде ел тұрғындарының арасында дене шынықтыру мен спорт саласын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде спортты жанына серік етіп, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға жетіп жүрген жасөспірімдердің саны […]
Пікір қалдыру