ЖЕТІСАЙДЫҢ ӘКІМІ БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен квазимемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бекітілген мәселелердің алғашқысы бойынша аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Шоқан Адайбеков білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы жайында баяндама жасаса, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев қаладағы заңсыз құрылыстарды жою, құрылысы тоқтап қалған 80 гектардағы 5 қабатты 1 тұрғын үй мен 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үй бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, аудандық ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Ғалымжан Жорабековтың аудандағы мобильді интернет сапасын жақсарту, «Жетісай су» мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Жалғас Алимановтың Жетісай қаласы тұрғындарын жаңа ауыз су жүйесіне қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалып, талқыланды.
Ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов бюджеттік мекемелердің жылыту маусымына дайындықтары мен қала, кент, ауылдық округтерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстардың есебін беріп, жоспарларымен бөлісті.
Күн тәртібіне енгізілген әрбір мәселе бойынша жасалған баяндамаларды жіті тыңдаған аудан басшысы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев пен ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Ғалымжан Жорабековтың, «Жетісай су» мекемесі басшысының міндетін уақытша атқарушы Жалғас Алиманов пен абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты сақтау бойынша Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бахтияровтың жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Алдағы уақытта берілген хаттамалық тапсырмаларға немқұрайлы қарап, бекітілген мерзімде орындамаған барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілігі қаралып, қатаң шаралар көрілетінін ескертті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*