Жетісай ауданында егістікке қажетті ағын су тапшылығын жоюға бағытталған жұмыстардың барысымен танысу мақсатында аудан басшысы Мамытов Серік Үсенұлы бүгін Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекенінде орналасқан «Смайл» шаруа қожалығында болды.
Тәуекелділігі жоғары ағын су тапшылығының алдын алып, өнімділікті арттыру мақсатында қожалық биыл 55 гектар жерге қытайлық «BazhouXincaiTradeCo.Ltd» компаниясымен бірігіп су үнемдеу технологиясын енгізген. Жалпы инвестициялық құны 55 млн теңгені құрайтын жобаның ерекшелігі – беткейлеп суғару әдісіне қарағанда ағын суды 2,5 есеге дейін үнемдеп, өнімділікті арттырады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы «Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында елімізде ылғал үнемдеу технологиясын 1,4 млн гектарға ендіру қарастырылса, оның ішінде Түркістан облысының үлесі 16% немесе 216,3 мың гектарды құрайтын болады.
Отандық агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойған міндеттерінің бірі саналатын ағын суды үнемдеу технологиясы 1746 гектарға енгізілген Жетісай ауданында жыл соңына дейін 2800 гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл жаһандық жылыну процесі мен жауын-шашын мөлшерінің азаюы, су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі мен ысырапшылдық сияқты келеңсіздіктердің алдын алуда оң ықпал етері сөзсіз.
Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар алқапқа […]
Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ташева Тамара Аханқызының 31.07.2024 жылғы №16Б/т санды бұйрығымен және Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің келісімімен Мейірбек Нұршарифиддин Нұрғазыұлы Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік […]
Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде сүт өнімдерін өндіретін «МЕДЕТ СҮТ» ЖШС өз жұмысын бастады. Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады. Қазіргі таңда күніне 3-5 тонна аралығында сүтті […]
Пікір қалдыру