Спорт – денсаулық кепілі. Салауатты ұрпақ – мемлекет тірегі. Қазақ спортының мәртебесін көтеру және барынша қолдау Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Осы бағытта Түркістан қаласында жасөспірімдер арасындағы спорттық сайыстар жалғасуда. Қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» ұйымдастырған шарада баскетбол мен үстел теннисінен жарыс өтті.
Баскетболдан шаһардағы Отырар тұрғын алабында өткен сайыста Төле би атындағы №19 мектеп оқушылары алғашқы орынды иеленіп, екінші орын №28 мектеп-лицейіне, үшінші орын Ж.Тәшенов атындағы №23 мектеп командасына бұйырды.
Ал үстел теннисінен өткен Шауғар тұрғын алабындағы жарыста қаладағы 9 мектептен жиналған жас спортшылар бақ сынады. Нәтижесінде ұлдар арасында I орынға Ибраһим Әбсаматов, II орынға Алмас Ибрайымов, III орынға Дилшод Парманаулов ие болды. Қыздар арасында алғашқы орын Зухра Мұхамеджанға бұйырса, екінші орынды Насиба Исахан, үшінші орынды Угилай Аширметова иеленді.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы спорттық сайыстар 11 қыркүйектен бері кезең-кезеңімен өткізілуде. Бұған дейін шахмат, тоғызқұмалақ пен волейболдан жарыс өтіп, жеңімпаздар анықталған. Алдағы уақытта сайыс Бекзат секторында дойбы спорт түрінен жалғасады.
Алты жыл бұрын Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы оның орталығы болып бекітілгені мәлім. Осы уақыт ішінде өңірде қолға алынып, атқарылған шаруа ауыз толтырып айтарлықтай. Әлеуметтік- экономикалық, білім мен денсаулық саласын айтпағанда, спорт саласын дамытуға ерекше мән берілді. Әрине, мұның барлығы тұрғындардың денсаулығын нығайтумен қоса, жастардың алтын бос уақытын текке өткізбей, спортпен шұғылдануына жағдай жасауды көздеген. Жастардың назарын спортқа бұрып, салауатты өмір салтына баулу — жастар саясатындағы басты мақсаттардың бірі. Жастайынанкүресіп, доп теуіп өссе, небір дарабоз спортшылардың өсіп шығары анық. Түркістан қаласының спорт саласындағы бүгінгі күндегі әр жетістігі, басчтапқыдағы мақсаттардың орындала бастағанының көрінісі.
Қытай елінің Ханчжоу қаласында 2023 жылдың 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өткен ХІХ жазғы Азия Ойындарына жалпы 40 спорт түрінен 46 мемлекеттің спортшылары қатысты. Ханчжоу-2022 ХІХ жазғы Азия ойындары жүлдегерлері арасында Шымкенттік спортшылар да […]
Грекия елінің Корфу қаласында 10-14 қазан күндері ересектер арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додада Түркістан облысының саңлақтары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль қанжығалады. Жұлқи көтеру әдісінде 63 келіде […]
Түркістанда «Республика күні» және «Қала күні» мерекесіне орай, баскетболдан 2009-2010 жылғы ұлдар арасында Халықаралық турнир басталды. Спорт шарасының ашылу салтанатына қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев, қалалық «№2 […]
Пікір қалдыру