Грекия елінің Корфу қаласында 10-14 қазан күндері ересектер арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додада Түркістан облысының саңлақтары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль қанжығалады.
Жұлқи көтеру әдісінде 63 келіде ел намысын қорғаған Бағжан Байдуллаев өзінің мықтылығын көрсетіп, алтын медаль алды. Ал 78 келіде Ерасыл Қуаныш қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, серпе көтеру әдісінде 73 келіде күш сынаған Қобыланды Орынбасаров пен 95 келіде өнер көрсеткен Бақдаулет Шынтанов қола жүлдегерлер қатарынан көрінді. Тартысқа толы әлем біріншілігінде эстафеталық сында Қобыланды Орынбасаров пен Нұрбатыр Тұрғанбай күміске қол созды. Осындай аламанда ұзын циклда Ерасыл Қуаныш 78 келіде бақ сынап, қарсылас шақ келтірмесе, осы сында Қобыланды Орынбасаров қола медальді місе тұтты.
Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дерекөзден алынды. Түркістанда туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд. теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта […]
Қазіргі таңда «Жасыл Түркістан» мекемесінің ұжымы мен жұмысшыларының күшімен 4633 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл көшеттер қаладағы Абылай хан сквері, Балтакөл тас жолы бойы, Отырар мөлтек ауданы, Орталық мешіт маңы және Цифрализация сияқты орындарда егілді. […]
Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қазынасы» атты іс-шара өтті. Мерекелік жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев көпшілікті атаулы мерекемен құттықтап, […]
Пікір қалдыру