Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма және департамент басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, әскери бөлім сарбаздары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
— Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр, Халық қаһарманы. Оның ерлігін келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Мерекелік шараның басты мақсаты — Халық қаһарманының 100 жылдығын атап өту. Батырдың ерлігін, отаншылдық рухын және халық үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету. Бүгінгі жиынға қатысып отырған жас сарбаздар батыр атамыздың өмір жолымен танысып, көп нәрсе үйреніп қайтарына сенім мол,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Шарада «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Мерзімді басылымдар оқу залында офицер, Ұлы Отан соғысына қатысушы, публицист, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды.
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келген. Ол ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Балқаш фабрика-зауыттық училищесіне жіберілді.Р. Қошқарбаев өзінің өмірі жайлы «Штурм» кітабында әңгімелейді.
Түркістанда «Республика күні» және «Қала күні» мерекесіне орай, баскетболдан 2009-2010 жылғы ұлдар арасында Халықаралық турнир басталды. Спорт шарасының ашылу салтанатына қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев, қалалық «№2 […]
2025 жылдың 22 мамырынан бастап елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны бастау алды. Бұл бастама еліміздегі балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз және қолайлы ортада өмір сүруіне жағдай […]
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі мен прокуратура органдарының ұйымдастыруымен бүгін Түркістан қаласында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар билік пен […]
Пікір қалдыру