Биыл Алаш қайраткерлері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл, Нәзір Төреқұловтың туғанына 132 жыл, Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай, Түркістанда «Алаш ардақтылары» атты тарихи-мәдени шара өтті.
Алаш зиялылары ұлықталған шарада тарих ғылымдарының кандидаты, қаланың құрметті азаматы Баян Садыққызы сөз алып, тарихи тұлғалардың өмір-дерегінен сыр шертті. «Құрмет» орденінің иегері, Нәзір Төреқұлов музейі филиалының меңгерушісі Омар Абдуллаұлы қайраткерлердің ел үшін жасаған ерліктеріне тоқталды.
Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Серсенбаев ХХ ғасырдың шежіресінде Түркістан өлкесі – Алаш атын аспандатқан тұлғаларымен, төл перзенттерімен әйгілі екенін мақтанышпен айтып, сөзін түйіндеді.
Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Алаш арыстарын сомдап, тарихтан сыр шертетін әсерлі қойылым көрсетті. Өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, жыр шумақтарын оқыды.
Еліміздің тәуелсіздігіне, халқымыздың рухани дүниесіне қызмет еткен Алаш арыстарының тарихтағы орны биік екені сөзсіз. Бүгінгі Нәзір Төреқұлов, Нұртас Оңдасынов, Сұлтанбек Қожановқа арналған рухани кештен жастар тұшымды әңгіме тыңдап, тың мағлұмат алды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қалада салынып жатқан нысандарды аралап, алда жүзеге асатын жобалармен танысты. Алдымен қалалық Мәдениет үйінің құрылысын көрді. Нысан 2025 жылы тапсырылады деп жоспарланған. Өңір басшысы мердігерге жұмысты сапалы атқару керектігін ескертті. […]
Облыс орталығында баскетболдан дәстүрлі өтетін жазушы Саттар Ерубаевты еске алуға арналған ХХХІХ Халықаралық турнирі “Біз нашақорлыққа қарсымыз” ұранымен биыл да ұйымдастырылды. Жарысқа 15 пен 16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар командасы қатысуда. Турнирде Бішкек (Қырғызстан […]
Түркістан қаласында кіші футболдан «Әуесқой Футбол Лигасының» (ӘФЛ) 2024 жылғы күз-қыс маусымы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңірдің спорттық өміріне жаңа серпін берді. Бұл шара Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай өткізілгені де оның маңызын арттыра […]
Пікір қалдыру