Биыл Алаш қайраткерлері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл, Нәзір Төреқұловтың туғанына 132 жыл, Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай, Түркістанда «Алаш ардақтылары» атты тарихи-мәдени шара өтті.
Алаш зиялылары ұлықталған шарада тарих ғылымдарының кандидаты, қаланың құрметті азаматы Баян Садыққызы сөз алып, тарихи тұлғалардың өмір-дерегінен сыр шертті. «Құрмет» орденінің иегері, Нәзір Төреқұлов музейі филиалының меңгерушісі Омар Абдуллаұлы қайраткерлердің ел үшін жасаған ерліктеріне тоқталды.
Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Серсенбаев ХХ ғасырдың шежіресінде Түркістан өлкесі – Алаш атын аспандатқан тұлғаларымен, төл перзенттерімен әйгілі екенін мақтанышпен айтып, сөзін түйіндеді.
Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары Алаш арыстарын сомдап, тарихтан сыр шертетін әсерлі қойылым көрсетті. Өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, жыр шумақтарын оқыды.
Еліміздің тәуелсіздігіне, халқымыздың рухани дүниесіне қызмет еткен Алаш арыстарының тарихтағы орны биік екені сөзсіз. Бүгінгі Нәзір Төреқұлов, Нұртас Оңдасынов, Сұлтанбек Қожановқа арналған рухани кештен жастар тұшымды әңгіме тыңдап, тың мағлұмат алды.
Түркістанда «Республика күні» және «Қала күні» мерекесіне орай, баскетболдан 2009-2010 жылғы ұлдар арасында Халықаралық турнир басталды. Спорт шарасының ашылу салтанатына қалалық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» сектор меңгерушісі Марат Әсілбаев, қалалық «№2 […]
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Премьераны тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. «Жан […]
Түркі елінің астанасы — Түркістан қаласына келушілер саны жыл санап артып келеді. Осы ретте, келушілер назарын аударатын қаланың сәулеті мен кіреберіс аумақтарды абаттандыру үлкен маңызға ие. Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһарға кіреберіс аумақтарды аралап, […]
Пікір қалдыру