Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Түркістан сарайында» орналасқан референдум учаскесінде АЭС салу мәселесі бойынша дауыс беруге қатысты.
Айта кетейік, Шымкентте 344 учаскесі ашылды, онда тұрғындар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады.
Шымкентте 18 жасқа толған 660 563 тұрғын дауыс беру құқығына ие.Референдумға 344 учаске ашылды, оның 23-і жабық, бұл азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл республика бойынша референдум өткізілуде. Республикалық референдумға бір ғана мәселе шығарылды.
Дауыс беруге арналған бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал қойылады. Оған «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар беріледі.
Референдум күні Шымкенттегі қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайтынын атап өткен жөн, бұл учаскелерге баратын азаматтарға қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Шымкент қаласында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы аясында маңызды шаралардың бірі өтті. Қаратау ауданы Полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі мен ювеналдық полиция инспекторлары Тұран медициналық колледжінің студенттерімен арнайы семинар өткізді. Бұл семинардың […]
Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және электрлі жеке көлік құралдарын пайдаланушылар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Самокат» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Аталған шара қала тұрғындары үшін маңызды болып, әсіресе жасөспірімдер мен электрлі көлік […]
Шымкент қаласының Патрульдік полиция полкі жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын күшейтуде. Соңғы өткізілген іс-шара аясында 11-сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелері туралы бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны кеңінен талқыланды. Полицейлер жастарға жол […]
Пікір қалдыру