Шымкент үшінші мегаполис. Ал мегаполистің инфрақұрылым саласы әрқашан күннің өзекті тақырыптарының бірі. Инрфақұрылым ең алдымен қарапайым халықтың өмір сүру сапасын арттырып, арнайы қолайлықты арттырып қаланың дамуына үлес қосу. Соның бірі қаланың инфрақұрылым саласының бір бөлігі шаһарымызда салынып жатқан жер өткелдерін айтуымызға болады. Жер өткелдері миллионды қалаға әбден керек -ақ. Күн санап, халық саны көбейіп жатыр. Соған сай көліктер де көбейіп, кептелістің болары анық. Осы олқылықтан шығудың жалғыз жолы — жер асты өткелі.
Салынған өткелдердің сапасы мен тазалығын жіті қадағалау қажет. Ол жер қоқысқа толып, шаңнан көз ашпай жатса, тұрғындарға зиян. Осыған орай Мемлекет басшысының тазалыққа үндейтін бағдарламаларына өткелдердің тазалығы да енген.
Абай ауданы аумағында орналасқан жерасты өткелдеріндегі санитарлық тазалық жұмыстары «Абай» КММ-і тарапынан күнделікті күндізгі және түнгі кезекшілік бойынша атқарылады.
Айта кетейік, ауданға қарасты 6 жерасты өткелі бар. Атап айтсақ, А-2 айналма жолы,
Жиделібайсын көшесі, Темірлан тас жолы Алаш базары алдындағы және Бекжан базары маңында, сонымен қатар, Төлеметов және Бәйдібек би көшелерінде орналасқан.
Жалпы қаланың келбеті сәулетті үйлермен, жасыл саябақтармен шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан, акция аясында бұл бағыттағы жұмыстар аудандағы елдімекендер мен көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында кестеге сәйкес жүргізілуде.
Еліміздің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған жалпыұлттық экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» акциясы өткізіліп келеді. Қазақстан халқын туған табиғатқа қамқорлық жасау идеясының төңірегінде біріктіретін бұл акцияға осы уақытқа дейін үш миллионға жуық адам қатысып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналды, 100 мың түп ағаш егілді.
Табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында осы жылдың сәуір айының басында қолға алынған акция алғашында мынадай 5 апталыққа жоспарланған еді.
Жалпы қаланың келбеті сәулетті үйлермен, жасыл саябақтармен ғана шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты.
Соңғы жылдары қалада жер асты өткелдері бірінен соң бірі салынып жатыр. Алдағы жылдары да пайдалануға берілетіндері бар. Жер асты өткелдері жолаушыға да, жүргізушіге де тиімді. Бұл күн санап көлік ағыны күшейіп келе жатқан мегаполис жолдарындағы біраз мәселені шешеді. Көлік кептелісінің, жол-көлік оқиғаларының алдын алады.
Сондықтан, қала тазалығын басты назарда ұстап, қоқысты арнайы контейнерлерге салуды әдетке айналдырыңыздар! Қаламыздың жасыл әрі таза шаһарға айналуы сіз бен бізге байланысты.
Шымкент қаласында жаңа қоқыс тастау орындары салынып жәшіктер орнатыла бастады. Еліміздің үшінші мегаполисінде қоқыс шығару жұмысына жаңарту енгізу туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жоғарғы және Төменгі Отырар шағын ауданы мен Түркістан көшесінде қоқыс шығару қызметіне жаңартулар […]
2020 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша елімізде жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 630 тасымалдаушы тіркелді. Шымкент қаласы бойынша олардың саны — 395 (+30). Ал Нұр-Сұлтан қаласында — 385 (+53) Алматы қаласында — […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қатысуымен баспасөз брифинг болып өтті. Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Құрбан […]
Пікір қалдыру