ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өтеді.
Бүгін осы орайда, Шымкент қаласы полиция департаментінде жергілікті атқарушы органдар мен бірқатар жауапты мамандардың қатысумен дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Шымкент қаласы әкім аппараты басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, әкім жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат комиссияның хатшысы, қалалық прокуратура, «Аманат» партиясының хатшысы, қалалық мәслихат депутаты, Ұлттық комиссия мүшесі мен әйелдер кеңесінің төрайымы, Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы, Білім басқармасы, Еңбек мобильділігі орталығы, Денсаулық сақтау басқармалары мен Жастар ресурстық орталығынан келген мамандар қатысты.
«Науқан аясында имидждік іс-шаралардан басқа, үй жағдайында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеруді қоса алғанда, толық қамтуды қамтамасыз ету жоспарлануда. Құрылған мобильді топтардың аясында тұрмысы нашар және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуге баса назар аударылатын болады. Қоғамның беделді өкілдерін тарта отырып, әкімшілік қамауға алу кезінде агрессорлармен профилактикалық жұмыс жүргізу үшін арнайы қабылдау орындарын аралауды жоспарлап отырмыз.» — деді шараның басы-қасында жүрген мамандар.
Акцияның мақсаты – қалың жұртшылықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, ана мен әкелік және баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлін нығайту бойынша атқарылып жатқан шаралармен таныстыру.
Сала мамандары жиын барысында акция аясында бірлескен жұмыс жоспарын түзіп, жұмыс атқару мақсатында ұсыныстарын жеткізді.
 Айта кетейік, қалада отбасындағы жанжал бойынша соңғы жарты жылдың ішінде 3000 жуық әкімшілік хаттама толтырылып, 66 іс сотқа жолданған.
Ал Қазақстан Республикасының Ішкі істер МинистрліГІ ҚАП төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров «Құрметті азаматтар! 111 тегін сенім телефоны жұмыс істейді, оған қоңырау шалу арқылы сіз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары бойынша кеңес ала аласыз. Сондай-ақ, 102 телефоны тұрақты жұмыс істейді. Әрбір қоңырау бойынша полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына келіп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін заңда қарастырылған барлық шараларды қабылдайтынын ескертті. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*