қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы “Alageum Electric” директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру.
Мегаполис басшысы қалада халықты электр қуатымен қамту жұмыстарында қиындықтар бар екенін атап өтті. Әрі бұл мәселе тұрғындардың қолайлығы үшін маңызды рөл атқарады. Қала күн сайын өсіп, жаңа шағынаудандар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Сәйкесінше электр желілеріне де жүктеме артып келеді. Бұған ескі трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз, әсіресе жауын-шашын кезінде халықты әбігерге салады. Өйткені, трансформаторлардың басым бөлігі 1970 жылдары іске қосылған.
Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты тозығы жеткен трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алып отыр. Бұдан бөлек, қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуде негізгі артериялардың бірі саналатын «Бозарық» қосалқы станциясындағы трансформаторлар да жөндеуден өтеді.
Айта кетейік, ескі трансформаторларды ауыстыру қала тұрғындарына электр энергиясын жеткізу бойынша сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, әрі авариялық апат қаупін азайтады.
Кездесу соңында мегаполис басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтып, компания басшылығына маңызды жобаларды жүзеге асырудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.
Әл-Фараби ауданының «Көл» аумағында тұрғындардың өмір сапасын арттыру, балалардың қауіпсіз әрі жайлы жерде өсіп-жетілуі үшін маңызды қадам жасалды. Аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың бастамасымен және «EL-KZ 2020» ЖШС демеушілігімен 10-нан астам балалар ойын элементтері мен тренажерлерден […]
Казнетте таралған Шымкент қаласындағы инфекциялық аурухана маңында болған жағдай бойынша жедел жәрдем дәрігері ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте түсініктеме берді. Бейнеролик иесі Арман Хамзин медициналық маман болғандықтан, науқастардың жағдайы үшін алаңдап, осы бейнероликті түсіргенін жеткізді. […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан білім нысандарындағы жағдайды бақылап қайтты. Қаладағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесі […]
Пікір қалдыру