Шымкент: Мұрат Әйтенов спорт нысанының алғашқы кірпішін қалады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан білім нысандарындағы жағдайды бақылап қайтты. Қаладағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесі осы білім ошағында қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр екен. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың қазірде іргетасы құйылған. Бүгін нысанның алғашқы кірпішін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қалады.

Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектептегі жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын қадағалау үшін ат басын бұрды. 750 орынға арналған білім беру мекемесі 1963 жылы салынған. Бұл нысанның құрылысын «Өмірзақ» ЖШС жүргізіп жатыр. Мұнда 300 орындық қосымша ғимарат бой көтереді. Мектеп ел игілігіне 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*