Жобаның Кәсіпкерлер палатасында өткен таныстырылу рәсіміне қалаға жұмыс сапарымен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, Өңірлік кеңес мүшелері қатысты.
Инвестициялық жобалардың интерактивті картасы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысына live-режимде мониторинг жасап, бақылауға және жобаларды дамыту барысын нақты түсінуге мүмкіндік береді.
«Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанның инвестицияға қолайлы мемлекет атануы. Интерактивті картаның көмегімен әр инвестициялық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын кезең-кезеңімен бақылауға болады. Қажет болған жағдайда түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдері картамен танысып, түйткілді тұстар мен оларды шешу жолдарын анықтай алады», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков.
Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов Шымкенттің кәсіпкерлікті жүргізу бойынша қолайлы қала екенін, ал бұл инвесторларды жұмылдыруға сеп болатынын атап өтті.
«Біздің басты мақсатымыз – инвесторларды шақыру ғана емес, жобасын сәтті жүзеге асыруға қолдау көрсету, сүйемелдеу. Осы инвестициялық жобалардың картасы – соның бір дәлелі. Жергілікті атқарушы органға да, кәсіпкерлерге де қажет жобаның әлеуеті мол. Күн сайын мұндай инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Оларға дер кезінде қолдау көрсету аса маңызды», – деді қала әкімінің орынбасары.
Жиын барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қаласының прокуратурасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Үшжақты келісім кәсіпкерлерге қолдау көрсету аясында инвестициялық картаны енгізуді және белсенді қолдануды көздейді.
Бүгінгі таңда инвестициялық жобалардың жалпы ұлттық бірегей пулының тізіліміне қала бойынша жалпы сомасы 443 млрд 56 млн теңгені құрайтын 59 жоба енгізілген.
Шымкент қаласында Қала күні мерекесіне орайластырылған онкүндік аясында алғаш рет ағаш өнеріне арналған халықаралық фестиваль өткізіледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары […]
Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі — тек жауынгерлік дайындыққа мән беретін бөлім ғана емес, сонымен қатар спорт арқылы рухты шыңдап, ел абыройын асқақтататын үздік сарбаздарды даярлайтын орда. Бұл бөлімде бүгінде республикалық […]
Шымкент қаласында 2020 жылы Жаңақұрылыс аумағында орналасқан 7 елдімекенге сапалы ауыз су беріліп, Тассай, Бадам-Бадам-2, Бадам 195 орам, Азат, Достық және Тұран (II кезек) елдімекендерінің тұрғындары қуанышқа кенеліп отыр. Ширатып айтсақ, Бадам 195 орамда […]
Пікір қалдыру