Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі басталды.
Аталған фестиваль Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткізіліп келеді. Бұған дейін ән жанры бойынша өткен болатын. Жыл соңына дейін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша өткізілмек.
Дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыру мақсатындағы байқау екі кезең бойынша өтеді. Алғашқы кезеңде би ұжымдары халық биін билесе, ақтық кезеңде өз таңдаулары сай еркін тақырыптағы биді билейді.
Екі күнге жоспарланған байқауда облыстың әр аудан, қалаларынан келген 60 би ұжымы бақ сынамақ. Қазылар алқасы құрамында хореография мамандығының ұстаздары мен мәдениет саласының мамандары бар. Әділ қазылар шешімімен ертең жеңімпазпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жақында қала аумағында жүріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарының сапасын бақылап, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді жақсарту мақсатында жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Қала басшысы ең алдымен Жібек жолы тұрғын үй кешені мен […]
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы бойынша Астана-Қонаев-Түркістан бағытында пресс-тур басталған болатын. Жоба аясында Түркістан өңіріне іссапармен келген экспедиция делегаттарымен бірқатар іс-шаралар өтті. Жоба мақсаты – Қазақстан этностары өкілдерінің достығы мен […]
Түркістан қаласы жолдарының ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның ішінде 125,61 шақырымы орталықтағы бірінші кезекте қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар. Биыл жыл басынан бері асфальтты жолдар көлемі 41,7 км артқан. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қысқа […]
Пікір қалдыру