Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті. Тәртіп пен тазалықтың үлгісі болған шараға облыс орталығындағы мәдениет және өнер мекемелері де атсалысты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өздеріне бекітілген аумақта 100-ге жуық мәдениет қызметкерлері тиісті жұмыстар атқарып, жоспар бойынша көше бойларын қоқыстан тазартты. Осылайша киелі қаланың тазалығына үлес қосты. Бұдан бөлек облысқа қарасты барлық мәдени ошақтың ұжымы да аталған бағдарламаға атсалысып жатыр. Арнайы кестеге сәйкес аудан, қаладағы мекемелер де айналаны қоқыстан тазартып, қолдау білдіруде.
Сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Тазалық –денсаулық кепілі. Айналамыздың тазалығы халықтың денсаулығы үшін өте маңызды. Елді-мекендерде тазалық сақтау, ауланы абаттандыру сол жердің билігі мен тұрғындарының міндеті. Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен өлшенбейді. Қаланың таза , әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді.
Түркістанда Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында Түркістан облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында кіші футболдан облыстық біріншілік басталды. Дүбірлі сынды Түркістан облыстық мәслихаты ұйымдастырды. Түркістандағы «Астана» спорт кешенінде өтіп жатқан біріншіліктің деңгейі өте жоғары. Футбол […]
Тәуелсіздік жылдарында Түркістан қаласы тек тарихи-мәдени орталық ретінде ғана емес, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тұжырымдамасын дамытуда да өзіндік үлеспен ерекшеленуде. Қалада рәміздер мен отаншылдыққа бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп, жастар мен тұрғындардың […]
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес елдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Түркістан қаласының тұрғыны, «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының шебері Бузав Әбжәлі Мәуленұлы «Құрмет» […]
Пікір қалдыру